Дені сау балалар – сенімді болашақ
«Денсаулық –ол адамның өз жеке өмірі туралы түсінігі.
Ал адам өзі сол шындыққа жетуі керек.
Оның ойына тек түрткі беру жеткілікті.»
П.К.Иванов
Өскелең ұрпақтың барлық жағынан қамқор болу үнемі мемлекет назарында.
Очень важной составной частью гармонически развитой личности является физическое совершенство: крепкое здоровье, закаленность ловкость, сила, выносливость. Воспитание всех этих качеств должно быть неотъемлемой частью всего дошкольного детства.
Бала бақша көп жылдардан бері балалар денсаулығын шынықтыру және дамытуды жаңашалау тақырыбымен жұмыс істейді, организмнің даму қызметіне қатысы бар әдіс – тәсілдері мен қор көздері әзірлемелер жасалады. Басты көңіл сабақтарда және серуен кезінде қимыл қызметіне, сабақтың моторлық қабатын көтеруге, уақытты тиімді қолдануға, калориялы тамақтануға аударылады.
Басты көңіл таза ауада әр түрлі нысандағы дене шынықтыру жаттығуларына, дене тәрбиесі мен бос уақытқа, спорттық мерекелерге, денсаулық Күніне, қимыл және халық ойындарына аударылады.
Бала бақшадағы спорттық мерекелерді балалар тағатсыздана күтеді. Олар үшін бұл әсемдік әлеміне, көру танымы әлеміне, көңіл – көтеретін ойындар мен ойлар терезесі.
Мерекені қызықты және тартымды етіп өткізу үшін ата–аналар, балалар, тәрбиешілердің тер төгіп дайындалатын дайындық жұмыстары керек. Спорттық мерекеге дайындық кезінде бір сәт те бос болмайды. Мерекенің сценарийі дайындалып, бекітіледі. Рөлдер бөлініп, қажет атрибуттар алынады. Осындай мерекелерде қатысушылар және көмекшілер ата –аналар.
Сабақта, серуенде, таңғы гимнастикада әндер жатталады, жүгіру жаттығулары, лазание, секіру, тепе –теңдікті ұстау, шана, шаңғы, коньки тебу сәтін көрсетеді. Осы дағдылар балаларға денесін, ой қабілетін, адамгершілік, эстетикалық талғамын дамытады. Спорттық мерекелерде балалар сабақтың басқа түрлерінде алған білімдерін дамытады: математикада (секіруді есептеу),тіл дамыту (өз сөздерін сөйлем ретінде ), музыкалық (қызықты әнмен жаттығулар орындайды) ,қоршаған ортамен танысу (жануарлар қимылын көрсетуде), БӨ (зал және алаңның суретін
әшекейлеу) және т.б.
Спорттық мереке – бұл ең алдымен ертегі, балаларды қиал әлеміне, ойын дамыту, қатты эмоциалық мәнге толы әлем. Әрбір мереке сыйлықсыз өтпейді. Мерекеде күш, жылдамдық, тәртіп және балалардың достығы жеңеді.
Спорттық мереке таза ауада, ауа процедурасын алмастырумен, үлкен шынығу әсері бар, балалардың белсенділігін анықтайтын, өз бетінше қимылын, қимылдағы ерекшелікпен, дене ерекшелігі мен қимыл дағдыларын
қалыптастырады.