" />
"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік қызметтер"

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

                Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының «Мирас»,    бөбекжайы" МКҚК аудан азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәлімет береді:

         "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі;        

           Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі::

       1)қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);

        2) "мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі-ережелер);

       3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

       4) баланың туу туралы куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

       5) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

        6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/е нысанындағы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

       7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).

       Қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

       Біздің мекен жайымыз: Балкашин аулы, Р. Боронина көшесі, 87А,

телефон 8(71640)9-13-32.

       Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратпен http://sc0004sandyktau.agmoedu.kz/, "Мемлекеттік  қызмет  бөлімінде таныса  аласыздар ".

 

«Мирас» бөбекжайының меңгерушісі                  А. Уйсимбаева.

 


Текст