8 наурыз мерекесінің қарсаңында біздің балабақшада ертеңгілік өтті, Залдың іші мерекеге сай әдемі
безендірілген. Балалар аналарына деген өз мейірімділігін білдіріп, ән айтып, би биледі, тақпақтарын айттып, ұзақ
ғұиыр тіледі. Ертеңгілікті балалар гүл шоқтарын ұстап, бимен ашты.
Балалар белсене қатысты.
Қыздардың орындауында «Қарлығаш» биі орындалды. Аналарына «Ай дидарлы анашым», «Мамам гүлдің бақбаны» әндері орындалды. Балалар тақпақтарын айтты. Ерекше есте қаларлық сәттердің бірі әкелер мен қыздар биі, барлық қонақтарға жылулық сыйлады.
Ұлдар өздері дайындаған сыйлықтарын ару қыздарға табыс етті. Балалар аналарына сыйлықтарды жылы лебізбен, қошеметпен, алғыспен сыйлап, аналарын қуантты.
Аналар өз балаларының ертеңгіліктеріне риза болды. Ертеңгілік соңында ата-аналарға сөз берілді.