"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәрбиенін ең тамаша мектебі - отбасы»

27.02.2018

«Ата көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер».

 

«Тәрбиенін ең тамаша мектебі - отбасы». Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымды ортаға салмақпын. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен

бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу – ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен

мектептен алған үлгі – өнеге жиынтығының жемісі. Әр отбасының міндеті баланы келешекте жеке тұлға ретінде өсіріп, тәрбиелеу.

Адамзат  баласына  осы  өмірдің  сынағына  түсуге  бір-ақ  рет  мүмкіндік  беріледі. Өкінішке  орай,  соны білсек  те,  күндегі  күйбең  тіршілікпен  көңіл  бөле  бермейміз. Кей  күндері  жұмыстан  шаршап  келіп,  өз  баламызға  қажетінше  бөлетін  уақытымыз  да  өте  аз  болып  жатады. Осындай  қылықтар  тамшыдан  тамшы  құралып,  ақырында көл болып  кетуі  мүмкін  емес  пе? “Көйлегі  көк, тамағы тоқ”  деп алаңсыз  жүре берсек, “Баламның сабағы,  яғни тәртібі  қалай  екен” деп, бара-бара  сұраудан  да қалуымыз ғажап  емес. Балалардың тәрбиесін балабақшада тәрбиешіге, мектепте  мұғалімдеріне тапсырамыз. Ал  бос  уақытта  бала  немен  айналысады?  Кіммен ойнайды?  Достары кім?  Міне,

осындай  сұрақтар  өте  маңызды.  Себебі,  баланың қоршаған  ортасы, айналасындағы  достары  оның 

ой-санасының  дамуында  үлкен  роль  атқарады.

Кішкене кезінен атыс-шабыс, қан төгіп, кісі өлтіріп жатқан  компьютерлік  ойындардың  өзі  баланың  ой-санасын  улап  жатқан  жоқ  па?  Міне, жүйкесі тозған, қатыгез баланы  өзіміз осылай тәрбиелеп жатқандаймыз. Ертең  ол  басқаның  өміріне  қауіп  төнгізбесіне  кім кепіл?

Болашақ ұрпақтың  тәрбиесі  мен  денсаулығына  тәрбиешілер  емес, ең  бірінші  отбасындағы  ата-ана  қарауы  тиіс. Келешекті ойлап, заманның азығының  жақсы  жағын  қабылдап, жаман  жағынан  бойымызды аулақ  ұстауға  балаларымызды  үйретуіміз қажет. Баланың  жақсы болуы-ата-ананың  үйдегі  берген  тәрбиесіне  байланысты.

Баланың киім  киюі, тазалығы, сөйлеу  мәдениеті – бәрі  ата – ана назарында  болуы  тиіс. Үлкенді  сыйлау, кішіге мейірімді  болу, сыпайы  сөйлеу, әр  нәрсеге  ойлы  көз  жүгіртіп  қарау – отбасындағы  тәрбиеге байланысты.

Балаға  тәрбие  беру  үшін  ата – ана  өзі  тәрбиелі  болуы  тиіс.  Отбасындағы  жақсылық  істер баланың  жақсы  болып  өсуіне көп  әсер  етеді. Ата – ананың  мінезінің  дұрыс  болмауы, отбасындағы  ұрыс – керіс,  жанжал,  ауыз бірліктің  жоқтығы – бала жүйкесіне  әсер  етеді.  Сондықтан,  ата – ана алдымен  өз арасындағы  қарым – қатынасты  дұрыс жолға  қою  керек. Күнде  ақыл  айтып, ұрса  бергеннен  бала  түзелмейді.  Сабырмен, ақылмен, іс  жүзінде  көрсете отырып тәрбиелеу  керек.                                                     

Балаға еңбек  етуді, адалдықты,  достарымен  тату  болуды, дұрыс,  адал  жүруді  үйрету  қажет. “Тәрбие  басы – тал  бесік” деп  аталарымыз  айтқандай  отбасымыз тәрбиелі,  берекелі  болса,  одан  өнген  ұрпақтарымыз да  тәрбиелі  азамат  болады  деп  айта  аламын.

Осы мақаламды аяқтар алдында ата-аналарға бір ұсынысым бар. Балаңыздың қажеттіліктері мен

ұмтылыстары туралы көбірек білуге тырысыңыз. Содан кейін оның ішкі әлемі Сізге түсінікті болады, ал шынайы сүйіспеншілікпен рақмет айтады.

 . 

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст