"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз – “Алғыс айту күні”

02.03.2018

1 наурыз – “Алғыс айту

1 наурыз – “Алғыс айту күні”

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы14қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық

патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Әлем елдерінде, дәлірек айтсақ, АҚШ және Канада халықтары Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Сол елдердегі рахмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастархан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын

қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады екен.

Қазіргі уақытта Қазақстанда да 1-наурыз «Алғыс айту күні» деп белгілегеннен бастап бұл мерекені үлкендер де, жастар да, балабақша бүлдіршіндері де танып біліп, өз үлестерін қосуда. Мереке қарсанында Балкашино селосының «Мирас» балабақшасында, ересек қазақ тобында «Ризашылық» атты тақырыптық сағат жүргізіліп, ерте жастағы балаларға алғыс білдірудің, сыйластықтың маңызы мен міндеттері түсіндіріліп, үлкендерге құрмет көрсетуге

тәрбиелеуде.

1 наурыз алғыс айту күніне арналған


Тақырыбы: Ризашылық
Мақсаты: балалардың «сыйластық»

құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс

туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: тақырыпқа сай суреттер мен аудио/видео.
Шаттық шеңбері:
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Балалар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.
Әңгімелесу:
- Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер?
- Оларды неліктен жақсы көресіңдер?
- Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді? Қалай жақсы көреді?
- Ризашылық дегеніміз не?
- Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін...

Ризашылық - адамның басқа адамнан

көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік

сезімі.
Алғыс – адамның адамға жасаған

жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс

- әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Дәйексөз:
"Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз"
Балаларға "Алғыспен ел көгерер" деген халық мақалын бүгінгі оқу іс - әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіру. Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады,

ризашылығын білдіреді. "Алғыспенен ел көгерер" деген сөз осыдан шыққан.
Сергіту сәті
Ойын: "Сымсыз телефон"
Тыныштық сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ғажайып сөздер:
Жақсылық жасау. Алғыс айту. Ризашылық білдіру. Рахмет.

Осының ішіндегі «Рахмет» сөзін үш тілде айту. Рахмет – Спасибо – Thank you
Қорытындылау:
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғысайтуды ұмытпаңдар.

әрекеті сендерге ұнады ма?  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст