Текст
Екінші кіші қазақ тобында «Ана – өмір шуағы!» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балалар өз өнерлерін көрсетті. Тақпақ, өлең айтып қыздар «Гүлдер» биін биледі, ал ұлдар «Тұлпарым» биімен әжелерін, аналарын қуантты.
Балалармен және ата-аналармен ойын ойналды. Балаларға қонаққа Көктем келді. Көктем қыздарға сыйлық тарту етті. Ал балалар соңында өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына тарту етті. Балалар аналарына деген
махаббат пен мейірімділік сезімдерін көрсете білді.