"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Наурыз-думан»

18.03.2017

Біздің балабақшада 22 наурызға арналған  «Наурыз-думан»  атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгіліктің мақсатына балаларға Шығыс күнтізбесі жайлы түсіндіру, Шығыс күнтізбесі  бойынша жаңа

жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңелетіні туралы түсіндірілді. Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Наурыз мейрамы балалар әртүрлі ұлттық киімдерін киіп келді.

Ертеңгілік басында  қазақ ересек тобының қыздары тәрбиешілерімен «Күн мен түн теңелуі» биін орындады. Сонымен балалар көктемде күн ұзарып, түн қысқарады екенін түсінді.

Ертеңгілік бағдарламасында балалар әндер айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қызыға түсті. Ертеңгілікке Шығыс қонақ-кейіпкерлері келіп, балалардың көңілдерін көтерді. Наурыз мейрамында міндетті түрде  «Наурыз-көже» пісірілетіні айтылды. Балалар ойын ырғағымен «Наурыз-көже» пісіргенде қандай тағамдар жатады екендігін айтты.

Музыка ырғағымен перде ашылады да, балалар Падишах пен Шахерезаданы көреді. Қазақстан еліне Наурыз мейрамын қызықтыруға келген қонақтарды Наурыз аруы қарсы алды. Бағдарламада  «Наурыз-біздің жаңа жыл» әні айтылды.

 «Арқан тартысу», «Қыз қуу» ойындары өткізілді. «Наурыз» атты ұлттық киім үлгілер жиынтығының көрсетілімінде 5-6 (модель) бала қатысты. Аяғында Падишахтың ыйығына шапан жабылды, ал Шахерезаданың басына үкілі тақия кигіздік. Шахерезада бос қолмен келмей балаларға кәмпит шашуын әкелді.

Шашумен мерекелік  ертеңгілік  аяқталды.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст