Сәбилер тобында күз мезгіліне арнайы «Бояуы жүз, келді күз!» ертеңгілігі өтті.
Балалар ертеңгілікте өз өнерлерін көрсетті. Бастарына ата-аналар саңырауқұлақтың қалпақтарын жасады. Балалар «Мухомор» биін биледі. Сонымен бірге «Жапырақтар» және «Саусақтар» биі болды. Қонаққа балаларға аю мен қоян кейіпкерлері келді. Олармен бірге «Сәбіздер мен бүрлер» және «Қолшатыр» ойынын ойнады. Күз мезгіліне сай
балаларға рөлдерді бөліп «Шалқан» ертегісінің қойылымы болды. Соңында балаларға «Барни» мен алмұрт сыйға тартылды. Балалар өте куанышты көңілмен топқа оралды.
Ересек қазақ тобында «Армысың, алтын күз!» атты ертеңгілік өткізілді. Балалар келген қонақтарға бар өнерлерін па етіп, қуатты. Балалардың орындауында «Алтын күз», «Күзгі жаңбыр», т.б.әсем әндер, мәнерлеген тақпақтар айтылып, «Қолшатыр», «Күзгі әлем», «Жалқаубек» сияқты билер орындалды. Ертеңгілікке келген Бақ сақшысы, Күнбағыс кейіпкерлері өз өнерлерімен, келбетімен қонақтарды тәнті етті. Ертеңгілік соңында ата-аналар
арасында ұйымдастырылған «Шебер қолдар» сайысының шешімі жарияланып, 1-ші, 2-ші, 3-ші орын иегерлері дипломмен марапатталды. Ертеңгілік балалардың, ата-аналардың көңілінен шығып, алғыстарын жолдады.