Текст
2023 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп «Мирас» балабақшасында «Дөңгелек үстел» өтті. Жиналғандар Қазақстанның тәуелсіздік алған 32 жылдағы жетістіктері, саяси және экономикалық құрылыстың негізгі кезеңдері, сыртқы саясатының дамуы, халықтық дәстүрлер мен тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы пікір алмасты.