Текст
26 сәуірде «Мирас» бөбекжайының базасында «Өрлеу» АҚ филиалының ұйымдастыруымен оқыту курстары аясында «Мектепке дейінгі тәрбиешінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған облыстық семинар өтті.
Балабақша тәрбиешілері балаларға арналған ұйымдастырылған ойын іс-әрекетінің әр түрін көрсетті, сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақтарын өткізді. Оқушылар шағын концерт көрсетті.
Іс-шара лайықты деңгейде өтті, семинар қонақтары балабақшамызға жақсы пікірлер, тілектер қалдырды.