Текст
Балалардың мектепке дайындығы – педагог-психологтың басым қызметі. Бұл процесті жүзеге асыру үшін мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіне келесі жұмыс түрлері енгізіледі және жеке сабақта жаттығады: қиялын, ойлауын дамыту және қолды жазуға дайындау. Сондай-ақ демонстрациялық материалдың көмегімен алфавит дауысты және дауыссыз дыбыстарды бояу арқылы бекітіледі. «Маша мен аю» ертегісі бойынша жұмбақ құрастыру жеке жұмыста ең пайдалы әрі қызықты болып шықты.Ал бала өзінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін көргенде баланың жүзінен қуаныш сезімі жарқырайды.