Текст
Ересек қазақ тобында "Қысқы орманға саяхат" атты ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Балалар музыканын сүйемелдеуімен кіріп, қонақтармен сәлемдесті. Балалар қыстағы орман жануарларының, құстардың тіршілігін, алаңдағы балалардың ойын әрекетін жапсырма ойыны арқылы көрсетіп, ауызша айтып берді. Фанарик ойыны арқылы қысқа арналған заттар мен құбылыстарды тауып, бөлек жинады. Тіс щеткасы арқылы трафаретті қолдана отыра қысқы орман суретін салды.