Текст
Жаңа жыл қарсаңында, Әсем безендірілген ортада ересек қазақ тобының, даярлық орыс тобының және екінші сәбилер тобының ертеңгіліктері өтті. Балалар әр түрлі Жаңа жылдық киімдер киіп ертеңгілікті көңілді өткізді. Мереке барысында балалар аяз ата, шырша, жаңа жыл туралы өлеңдер айтып, әсем билерімен келген ата-аналар мен қонақтарды тәнті етті. Мерекеде Қарқуша, жалмауыз кемпір, Бармалей, Марфуша секілді кейіпкерлер қатысты.