Текст
Республика күнін мерекелеу аясында балабақшаның жоғары топ тәрбиеленушілері «Гүлде, Қазақстаным!» атты сурет байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты – патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сонымен қатар шығармашылық әлеуетін ашып, балалардың шығармашылыққа деген құштарлығын ынталандыру. Біздің балалар Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысып, ұқыптылықпен сурет салды. Республика күніне арналған көрмеге үздік жұмыстар іріктелді. Бұл байқау алдағы уақытта осындай іс-шараларды өткізу үшін оң нәтиже көрсетті.