Текст
«Шалқан» ертегісін сахналау, (дайындық топ) Мақсаты: балалардың қиялын, зейінін, есте сақтау қабілетін, эмоционалдық саласын, сөйлеу мәнерлілігін дамыту, коммуникативтік белсенділік пен қимыл-қозғалыс әрекетін ұштастыра жетілдіру. Рөлдерді бөлу кезінде балалардың темпераменті, эмоционалдық көңіл-күйі ескерілді. Батырлардың киімдерін тігумен «Шығармашылық шеберхана» (мұғалімдер мен ата-аналардың шығармашылық одағы) айналысты. Бұл шараға ата-аналар шақырылып, өткізіліп жатқан акцияға риза болды.