Текст
Бүгін "Мирас" балабақшасында орта, жоғары және дайындық топтарында бірқатар ашық қорытынды сабақтар өтті. Орта топта математика пәнінен "Балапанға анамды табуға көмектес" атты сабақ өтті. Балалар түрлі тапсырмаларды орындады, геометриялық фигураларды санады және атады. Жоғары топта "Жабайы жануарлар"тақырыбында тіл дамыту сабағы өтті. Бұл сабақтың мақсаты: сөзжасам дағдысын дамыту және жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Даярлық тобында "Ағылшын астанасына саяхат"тақырыбында ағылшын тілінен сабақ өтті. Осы сабақ барысында балалар Лондонның көрікті жерлерімен танысып, ағылшын тілінен білімдерін көрсетті.