Текст
26 наурызда №1 орта мектепте Сандықтау ауданының жалпы білім беретін мектептері арасында волейбол, үстел теннисі, шахмат, үшсайыс, тоғызқұмалақ бойынша аудандық "Мұғалім-2019" спартакиадасы өтті. "Семицветик" құрама командасы "Мирас" және "Ер-Төстік" балабақшасының, музыка мектебінің және шығармашылық үйінің құрамында екінші орынға ие болды. "Мирас" балабақшасынан спартакиадаға А. С. Исмагулова , В. Е. Кленчин, С. Л. Баранова қатысты. А. С. Исмагулова тоғызқұмалақ бойынша үшінші орынды, Баранова С.Л. шахмат бойынша үшінші орынды иеленді.