"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сурет салу (дәстүрден тыс)

21.02.2019

Тақырыбы: «Ханшайымға көмекке асығамыз». 

Мақсаты: сәндік өнердің бір түрлері – балауызбен сурет салуды  таныстыру. Балалардың жұмысты орындау қызығушылықтарын қалыптастыру. Дәстүрден тыс салған суреттердің сұлулығы мен ерекшелігі бар екенін көрсету.

Міндеттері: балалардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту. Өнерге қызығушылық туғызу. Қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету. Жұмыс бетін ұйымдастыра білуді дамыту.

Балалармен сурет салу сабағына қатысты ашық сабақ өткізілді. Ханшайымнан сиқырлы қорапша мен хат келді. Ол балалардан көмек сұрады.  Балалар Ханшайымға суреттер салды. Ашық сабақ дәстүрден тыс техникасы бойынша өткізілді. Балаларды балауызбен таныстырып, онымен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірілді. Сабақта билингвальды компонент колданылды.

Сурет салу тәсілін көрсету. Балауызбен жұмыс жасалды. Балалар сурет салғанда қызығушылық танытты. Әр балаға сурет салғанда көңіл бөлінді. Сабақ соңында Ханшайым балаларға тосын сый сыйлады.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст