"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес

27.10.2021

Бала тілі

            Тіл – дара құбылыс. Ол тек қана адамзатқа берілген сый.

            Тіл ойлау үшін қажетті негіз болып табылады. Ол ой қалыптастыру үшін қатысады, біздің іс – қимылымызды реттейді, адамның әлеуметтік бағытын анықтайды. Күнделікті өмірде тілдің мағынасы шексіз.

            Бала санасының дамуындағы ең алғашқы қадамдар тіл дамуымен байланысты. Нашар сөйлейтін балаларға өз құрдастарымен араласу өте қиынға түседі. Олар жестпен сөйлескенді жақсы көреді, сөздерді бөліп сөйлейді, бір-бірін дұрыс түсінбейді, мінезін көрсетеді, балалар ұжымында ойнағысы келмейді. Кейін уақыт өте тұйықтық қатты байқалады.

Ата-аналарға не білу керек? Ең алдымен, тіл деген не?

            Тіл – адамның қиын психофизиологиялық қызметі. Ол қоршаған ортаның белгіленген дыбысы, белгілердің белгісі. Бала оны дұрыс меңгеруі үшін екі жағдай дұрыс болу керек: білім мен тіл дамытуға қатысатын анатомиялық – физиологиялық органдардың құрылымы дұрыс, толыққанды тілдік орта мен тәрбие дұрыс болуы керек. Осы екі жағдай адам тілінің негізін қалыптастырады.

            Тіл – туа біткен зат емес. Бала ең алдымен анасымен, адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы еліктеумен өзіне қалыптастырады. Тілдік орта – осы қоғамда нақты қабылданған, адамдардың бәріне бірдей тілде қарым-қатынас жасау тілі. Тілдің қалыптасуы үшін бала үнемі тілдік дыбыстарды, сөздерді, өзіне бағытталған әдемі және дұрыс, сауатты ересектер тілін естіп отыруы керек.

Баланы қашан тілге үйретуді бастау керек?

            Бала дүниеге келген күннен бастап үйрету керек. Бес аптадан кейін – уілдеу, екі айдан кейін – дыбыстау, үш айдан кейін – сөйлеген адамға алаңдау, төрт айдан кейін – ересек адамның мимикасын қайталау, дыбысқа елеңдеу, бес айдан кейін – жақын адамдарды тани бастап, оларға эмоциялы қуану сезімін көрсетеді.

Алты айда бала отыра, басын қозғалта, үлкендерге қолын соза бастайды. Бір жаста балалар ересектерге еліктей бастайды. Сондықтан ересектердің қылығы еліктеуге тұратындай болу керек. Бала тілімен сөйлеп, еркелете қылығын қайталайтын ата-аналар қатты қателеседі. Бір жасқа дейін баланың сөздік қоры 8-10 сөзді құруы және бір жарым жаста ол ұлғайып, екі жаста алты жүз сөз шамасында, төрт жаста екі мыңнан аса, бес жаста тілдің барлық нысандарын біліп, дыбыстық жүйесі толық қалыптасып, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздік қор мен грамматикалық рет болуы керек. Бірақ тілдік үрдіс тоқтап қалмайды, кейін тіл сапалық және сандық жағынан қалыптасады.

Тілдің анатомдық-физиологиялық жағына не әсер етеді?

            Ата-аналардың ауруы; тууға дейінгі мерзімнің бұзылуы; туу кезіндегі асқыну; ерте бала кезіндегі ауруы; тілдік аппараттың тума анамалиясы; мұрын – ауыз қуысының ауруы.

Негізгі тілдік ортаның ақауы: Баланың қоршаған ортамен тілдік қарым-қатынасының аздығы; толық емес тілдік орта; тілдік және жалпы қате тәрбие; балалардың тілдік қателіктерінің алдын алмау сауалдары бойынша ата-аналар мен тәрбиешілердің уақытылы жұмыс істемеуі.

Бала тілін дамытуға ата-аналар мен педагогтардың толық назар аударуы, тілдік кемістікті жою үшін дұрыс жаттығулар мен сабақтарды өткізу мақсатында дәрігер-логопедке қаралуы керек.

Құрметті ата-аналар! Отбасында сөйлеу тілінің мағынасы өте зор. Баланың тілін дамытуды мектепке барарда ғана еске алмай, ерте, мектепке дейінгі  жастан назар салып, қажет болған жағдайда шара қолдану керек.

 

«Мирас» бөбекжайының тәрбиешілері: Қожабекова В. Қ.;                         

                                                                         Шурманова Д. Ғ.

Просмотров: 168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст