«Менің сүйікті кітабым»

03.09.2026

«Көбелек» ересек тобында «Менің сүйікті кітабым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме «Білім күніне» арналды. Балалар ата-аналарымен бірге көрмеге белсенді қатысты.
Көрменің мақсаты: кітап оқудың пайдасын көрсету, кітаптың білімнің негізгі көзі екенін еске салу. Балаларды біріктіру, тәрбиеленушілерге өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар балалардың сөйлеу тілін және зияткерлік дағдыларын дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Көрменің соңында педагогтер «Түлкі – оқушы» атты қуыршақ театрын ұйымдастырды. Балалар ертегіні қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз әрекеттерін бағалады.

Просмотров: 179


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст