«Қазақшаң қалай, балақай?»
Қазақстан халқы тілдері күніне орай ауданымызда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен тәрбиеленушілері арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, олардың сөйлеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Байқауға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
III орын – «Мирас» бөбекжай-бақшасы.
«Үздік ұйымдастырылған ойын» номинациясы бойынша –«Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» мектепалды даярлық сыныбы.
Барлық байқауға қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстарға, жаңа жетістіктерге және жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!