Текст
Бракераж комиссиясы
25.08.2026
2026 жылғы 24 тамызда «Мирас» бөбекжай-бақшасында бракераж комиссиясының жұмысы жүргізілді. Комиссия мүшелері дайындалған тағамдардың сапасын, дайын өнімдердің бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін, ас блогының санитарлық жағдайын, тағамдарды дайындау технологиясының сақталуын және азық-түліктердің сақталу жағдайын тексерді. Балалардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ, дайындалған тағамдар белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Просмотров: 1001