Балалардың қауіпсіздігі – ең бастысы!

31.07.2026

 Балалардың қауіпсіздігі – ең бастысы! 🚒👮
Бүгін тәрбиеленушілермен қауіпсіздік ережелерін қайталап, жедел қызметтердің телефон нөмірлерін еске түсірдік. Балалар қандай жағдайда көмекке жүгіну керектігін және кез келген жағдайда сабыр сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет қайталады.
Алған білімдерін шығармашылық жұмыс барысында бекітті – балалар қызығушылықпен жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі және полиция көліктерінің суреттерін салды. Осындай іс-әрекеттер мектепке дейінгі жастағы балалардың жауапкершілігін, ұқыптылығын және қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Қауіпсіздік – білімнен басталады!

Просмотров: 54


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст