Текст
21.07.2026
21.07.2026 жылы сағат 12:00-де «Мирас» бөбекжай-бақшасында бракераж комиссиясы ас блогына жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексерудің мақсаты: ас блогының санитариялық жағдайын бағалау, азық-түлік өнімдерін сақтау талаптарының сақталуын, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын бақылау және тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыруды тексеру.
Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Ас блогының санитариялық жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келеді, азық-түлік өнімдерін сақтау және балалардың тамақтануын ұйымдастыру талапқа сай жүргізілуде.