Абайлаңыз: улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктер!

24.06.2026

Ересек топта табиғаттағы қауіпсіздік тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Балалар адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін саңырауқұлақтар мен өсімдіктер туралы білді. Сонымен қатар, бейтаныс жидектерді, гүлдерді және саңырауқұлақтарды ұстауға немесе дәмін татуға болмайтынын, табиғат аясында өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігін талқылады.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер танымдық презентация көріп, улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлерімен танысты және қауіпсіздік ережелерін қайталады.
Мұндай жұмыстар балалардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, қоршаған ортаға мұқият болуға үйретеді.
🌱 Естеріңізде болсын: егер өсімдік немесе саңырауқұлақ таныс болмаса – оған қол тигізбеңіз және дәмін татпаңыз!

Просмотров: 3404


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст