"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

24.07.2018

2-ші қазақ сәбилер тобы

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

Мақсаты: Балалардың саңырауқұлақтар туралы білімдерін кеңейту,

түстерді ажырата білуді үйрету, тапсырманы шығармашылықпен орындауға,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

         Балалармен серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелесу жұмысы алдын ала жүргізіліп, тақырып бойынша түсінік қалыптасса,  балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды. Сондықтан алдын ала жұмыс жүргізілді. Балалар саңырауқұлақ жеуге жарамды, жеуге жарамсыз болатынын, екі бөліктен (қалпағы және сабағынан) тұратынын сабақ барысында білді.

         Сабақты қорыта келгенде, нәтижесінде балалар саңырауқұлақтарды реттілік бойынша кеңістікте орналастыруды біледі, саңырауқұлақтың жауыннан кейін өсетінін түсінді және желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, саңырауқұлақтарды ұқыпты жапсыра біледі.

Сабақ барысында балалармен тақырыпқа сәйкес әңгіме жүргізіліп, түстерді қайталап, оларды ажырата білу мақсатында жұмыс жүргізілді. Бүгінгі сабақта балалармен көзделген мақсаттарға жетік деп айта аламын.

Просмотров: 906


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст