Биыл міне сүйікті бөбекжайымыздың 50 жылдық мерейтойын атап өттік. Бұл жарты ғасырлық тарих, үлкен еңбек пен сан мыңдаған баланың жүрегінен орын алған алтын ұя. Уақыт зымырап өтсе де, бөбекжайдың жылы шуағы мен мейірімге толы күндері әр адамның жүрегінде сақталып қала берері анық. 50 жылдық мерейтойымызға ортақтасып келген Сандықтау ауданының әкімі Құдабай Серік Кенесарыұлы, білім бөлімінің басшысы Қадырова Гүлмар Ерғалиқызы, педагогикалық еңбек ардагерлері және де бізді әрдайым қолдап жүретін ата-аналарымызға алғыс білдіргіміз келеді.
Қуанышты күні тек қана, ән мен би көрсетіліп қана қоймай, құрметті қонақтарымызда жылы тілектерін білдірді. Аудан әкімі Құдабай Серік Кенесарыұлы мерейтойға арнап, сыйлық сертификатын және де бүлдіршіндерге арналған ойыншықтарды табыс етті.
Балабақшамыз әрқашан бала күлкісіне толы, шаттық мекені бола берсін!