"Ақмола облысы білім  басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Мирас"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казённое предприятие"Ясли- сад "Мирас" села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БАЛАЛАРДЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ

21.06.2018

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасына және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен; дәретке өзі отырып үйренбегендіктен; кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан); балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

     Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоцияналдық  әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар: жеңіл түрі – баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді; орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде; ауыр бейімделу

– 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

     Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

 Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-         Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-         Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-         Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

-         Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз. Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Сондықтан кеңес береміз:

-         Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

-         Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

-         Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшоққа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

-         Баланың «әлеуметтік көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын,  әжесінеде қонуға қалсын т.с.с.  Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

-         Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын – Сіз көбірек осындай  жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

-         Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай-ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

-         Жоспарлаңыз: балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні-ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

-         Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

-         Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, ямоциялық жүктемесін түсіру қажет.

-         Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.

-         Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап-ақ үйреніп кететініне сеніңіз.

    

 Балалардың балабақшаға бейімделуі үш

кезеңнен тұрады

Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі концепциясының  жағдайлары  қазіргі  өзіміз өмір сүріп отырған  дәуірдің  талаптарымен  үндес  келеді деп айтуымызға болады. Бұл жағдайлар бөбектердің  ана тіліне қаршадайынан қанығып, оны уыздай   меңгерулеріне ,бар байлығын  бойларына  ана сүтіне  сіңіріп, дамыта  түсулеріне, сөйтіп рухани  дүниесінің кеңи түсуіне жол  ашады. Балалардың психикалық  қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты  құралдарының бірі  эстетикалық  тәрбие  негіз болып  саналады. Бұл ағзасы  жаңа  әлеуметтік

жағдайға тез үйрене алмайды. Көбіне бұл үрдіс  тәртіп үрдісіне, ұйқысына , тәбетіне  өзгерістер  әкелуімен қатар жүреді. Өйткені мектепке  дейінгі  балалардың  бейімделу  мүмкіндіктері  шексіз. Балабақшаға бейімделу кезеңнің ұзақтылығы үш дәрежеден тұрады.

·        жеңіл

·        орташа

·        күрделі

Жеңіл  бейімделу кезінде  бала бір жұма ішінде   яғни 16 күнде бір  қалыпқа келеді. Бірінші аптаның аяғында  тамаққа деген  тәбеті  орнына  келеді. Екінші аптаның  аяғында  ұйқысы  қалпына  келеді. Мектепке дейінгі  балалардың сезімі  әр түрлі  болады. Біреуі көңілді , біреуі  тұйық, біреуі салмақты. Көңілді балалар мен салмақты  балалар ересектермен яғни  тәрбиешілерімен, құрбыларымен қоршаған ортаға  тез бейімделеді. Тұйық , салмақты балалардың сөйлеу қабілеттерімен, әдет қылықтарында ұяңшылық байқалса да, тәрбиешінің айтқанын бұлжытпай  орындауға  тырысады. Жеңіл  бейімделуде  бала 1 немесе 2 рет  ауырып  қалуы мүмкін.

Орташа бейімделу кезеңінде ұйқысы  мен асқа деген  тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың  сезімі тұрақсыз болады. Бұл  орташа  бейімделуде балаға  мына  қасиеттер тән  болады. Ата анасымен , туған  туыстарымен  қоштасарда  және кездесерде  долданып , айғайлап жылайды. Құрбыларына деген қарым қатынасы  немқұрайлы болады. Сөйлеу белсенділігі төмен  болады. Ересектермен  балалар  арасынан қарым- қатынасқа  түсу үшін  таңдай бастайды және  белгілі  жағдайда  ғана  қатынасқа  түседі.Бұл орташа  бейімделуде    бала 2 рет ауыруы  мүмкін  және 10 күннен аспайды. Осы бейімделу кезінде  2 апта  бойы бала  ағзасында келесі вегетативтік  өзгерістер пайда болады. Екі бетінің қызаруы , терлеуі, тері аурулары т.б.өзгерістер  болады. Бірақ  ата-анасының  жан толғанысы арқылы бала  жаңа ортаға тез үйренеді.

Күрделі бейімделуде  баланың  дұрыс  ұйықтамауынан байқауға  болады.  Ол  түсінде айқайлап , тұрған кезде жылап  тұрады. Тәбеті болмай тамақ ішпейді , сонымен бірге іші өту , құсу , кекештену , қорқыныш, үрей пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай , жұлынып , долданып  айғайлай бастайды. Бұндай бейімделуде бала белсенсіз болады. Құрбылырымен  қарым-қатынас  болмайды. Бұндай  күрделі бейімделу кезінде аурулары асқынады. Сөйлеу

қабілеттері нашар болады.  Осындай жағдайлар болмас үшін  балаларға түсіндіру керек. Балабақша қызметкерлерімен тығыз  байланыста болу.  Баланы бірте-бірте  бала бақшаға үйрете беріңіз. Тәрбиешілерге баланың әдеттері мен қылықтары жайлы хабарлаңыз. Балаға балабақшада не күтіп тұрғанын айтып отырыңыз. Балаға зейінді , жанашыр 

және сабырлы болыңыз.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст