Коучинг дегеніміз не?
«Коучинг» ұғымы біздің қоғамға енді ғана кіре бастаған жаңа ұғым, жаңа мамандық. Сондықтан да, коучинг десең, «ол не?» деп сұрайтындар да аз емес. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені, коучинг ұғымы батыстық елдерде жиі қолданылып, модаға айналып үлгерсе де, біздің елімізге енді ғана ене бастады. Сондықтан да, осы бір жаңалыққа
халықтың бойы үйреніп, таныса түсуі үшін уақыт қажет.
Коучингтің білім саласында жалпы мазмұны:
1.Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі.
2.Мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.
Коучинг мақсаты:
Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқу саласындағы зерттеулер туралы кәсіби пікір алмасу;
Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін бағалау (жиынтық және формативтік) тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсету;
Оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсыну;
Мұғалімдерді оқыту, оларды мектептегі Lesson study-ге тарту мәселелері бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгіме;
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;
Мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау.
Міндеттері:
Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлау;;
Өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойлану;
Табысты коучинг тәжірибесін
ұйымдастырудағы 10 кеңес
1. Коучингтің тақырыбы міндетті түрде қатысушылардың қажеттіліктерінен туындауы керек. (ең тиімдісі сауалнама алып, оны талдай отырып қажеттілігін анықтаған жөн/басқа да эмпирикалық зерттеу тәсілдерін қолдануға болады/).
2. Коучингтің мақсаты мен күтілетін нәтижелері нақты, өлшемді және қолжетімді болуы қажет. SMART мақсат пен Блум таксономиясын басшылыққа алыңыз. (Мысалы, Тақырыбы: «Оқу үдерісін белсенді ету үшін ынтымақтасқан ортаны құру» Мақсаты: «Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы өзара қарым қатынас пен өзара әрекет туралы түсініктерін кеңейту»
3. Коучинг міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асыру тетіктері мен жолдарын көрсетуі қажет. (1) «.....» тақырыбындағы таныстырылым арқылы ынтымақтасқан амалдардың мазмұнымен таныстыру; 2) тапсырма орындау барысында шағын топтарда қатысушылар өзара әрекет барысында бақылау кестелерін қолдану;
3) шағын топ жұмысының стратегиялары мен түрлі формаларын тәжірибеде ұйымдастыру дағдыларын дамытуға ықпал ету.)
4. Коучингті ұйымдастыруда мүмкіндігінше топқа бөлуді жүзеге асырған дұрыс.
5. Коучингті жүргізуде тақырыпты ашуға, мақсатқа бағытталған тренингтен, тақырыптық бейнематериалдан,
түрткі сұрақтан немесе нақты тапсырмадан бастаған тиімді.
6. Коучинг барысында теория жеңіл, қарапайым, қолжетімді үлгіде берілетіндігін естен шығармаңыз. Әрбір
теориялық материал тәжірибемен үйлесуін басшылыққа алыңыз.
7. Коучинг тапсырмалары әрбір тапсырма белсенді формада жүргізілсе қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады. Әдістерді ауыстырып отыру қатысушыларды ынталандырады және белсенді етеді. Коучтың басты
міндеті – ұйымдастырудың дұрыс әдістерін таңдай алуы: (топтық, жұптық, жеке, , ресурстар қорының жеткілікті деңгейде болуы)
8. Коучинг қатысушыларын орындалған тапсырмалардың нәтижелілігін анықтауда бағалау әдістерінің түрлі
формада жүргізілуі де ынталандырады.
9. Қорытындылау кезеңі түсіну және келешекте қолдана алу деңгейін анықтау бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін рефлексия кезеңінен тұрады.
10. Ең соңғы талабы жоспарлауда уақытты(тайм менеджмент) ескеру.
Коучинг сабақты ұйымдастыруда коуч ретіндегі дағдыларыңызды үнемі жетілдіріп отырыңыз:
1. Сенімділікке құрылған қарым-қатынасты орнату;
2. Белсенді тыңдалым;
3. «Ашық» сұрақтарды құрастыра алу;
4. Тікелей ашық әңгімелесу;
5. Жоспарлау және мақсат қою;
6. Жауапкершілікпен үдерісті басқару;
7. Сабырлықты сақтауы;
8. Өзінің үлгі бола алуы;
9. Өз ісін жақсы көруі – ең басты құрауыш болып табылады.
Сұрақ қоя білу – коучинг барысындағы ең маңызды бөлімү
Сұрағыңызды қатысушылар арасында әңгімені жандандыратындай қылып құрастырыңыз. Мұнда сізге ашық сұрақтар көмектеседі: «сіз қалай ойлайсыз, ... туралы», «Неге олай ойлайсыз», «Қалай...» және т.б. Егер қатысушы «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап берсе, онда оған «сіз неге олай дейсіз?» деп сұрақты қайта бағыттаңыз. Егер жауап қанағаттандырмаса, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырмаңыз,басқа қатысушыға бағыттаңыз.
Сұрақтың түрлері:
Ашық сұрақ - әңгімені дамытуға әсер етеді, мыс: бұл шешім жұмысқа қалай көмектеседі?
– Егер де шешім қабылданбаса, онда не болады?
Жабық сұрақ.